• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 16:23:26
Алматы
+12°

15 Сәуір, 2024 Әлеумет

Қылмыскерлер балабақша мен мектептерде жұмыс істеп келген

Павлодар облысы Железин ауданында прокурорлық тексеріс жүргізіліп, ауыр қылмыс жасағандар мен психикалық аурулары бар адамдардың білім беру ұйымдарында қызмет етіп жүргендер анықталды, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Араша ақпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі сурет

Оның ішінде балабақшалардың бірінде адам өлтіргені үшін сотталған адам шамамен 5 жыл жұмыс істеп келген. Ал бірнеше білім беру мекемелерінде ұрып-соққаны және соққыға жыққаны үшін жауапқа тартылған жұмысшылар да бар. Негізінде,  бұндай құқық бұзушыларға еңбек заңнамасында тікелей тыйым салынған.

Железин ауданының прокуратурасы жоғарыда аталған адамдарды жұмыстан шығарумен қатар оларды жұмысқа алған басшыларын тәртіптік жазаға тарту шарасын қабылдады.

Нәтижесінде, 500-ден астам кәмелетке толмағандардың құқықтары қорғалды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір