15 Сәуір, 2024 Экономика
Тоқаев пен Арменияның премьер-министрі 10 құжатқа қол қойды.
Ереванда Қазақстан президенті мен Арменияның премьер-министрі кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі akorda.kz-ке сілтеме жасап.
Фото: Ақорда
Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді. Қазақстан мен Арменияның мемлекеттік әнұрандары орындалған соң Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Сонымен бірге, Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрімен шағын құрамда келіссөз жүргізіп, 10 құжатқа қол қойды.
Атап айтқанда, Қазақстан президентінің Ереванға ресми сапары аясында мынадай құжаттарға қол қойылды:
- Қазақстан Үкіметі мен Армения Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
- Қазақстан Үкіметі мен Армения Үкіметі арасындағы азаматтардың сапарлары мен болу тәртібі туралы келісім;
- 2006 жылғы 6 қарашадағы Қазақстан Үкіметі мен Армения Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама;
- Қазақстан мен Арменияның авиациялық билігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
- Қазақстанның Маңғыстау облысы әкімінің аппараты мен Арменияның Армавир облысы әкімшілігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
- Қазақстанның Шымкент қаласы мен Арменияның Ванадзор қаласы арасындағы ынтымақтастық және бауырластық қарым-қатынас орнату туралы меморандум;
- Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі мен Арменияның Білім, ғылым, мәдениет және спорт министрлігі арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы;
- Қазақстан Үкіметі мен Армения Үкіметі арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі 2024-2025 жылдарға арналған Жол картасы;
- Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Арменияның Жоғары технологиялық индустрия министрлігі арасындағы ақпараттық коммуникациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандум;
- Астана мен Ереван арасындағы бауырластық қарым-қатынас орнату туралы меморандум.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір