• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 01:33:22
+12°

08 Сәуір, 2024 Барлық аймақтар

Түркістан облысында білім бөлімі 17 мың теңгеге бір келі сәбіз сатып алмақ болған

Созақ ауданының білім бөлімі бір келі сәбізді 17 мың теңгеге сатып алмақ болған

Көрнекі сурет

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің еріктілері мемлекеттік сатып алу шеңберінде өнімдер мен басқа да материалдардың бағасы көтерілгенін анықтады. 

Еріктілер 578 миллион теңгеге жуық мемлекеттік қаржыны үнемдеді. Мәселен, облыс аудандарының бірінде көмірді нарықтағы бағадан да жоғары бағаға сатып алуға тырысқан. Енді бір жағдайда электр энергиясының бағасын көтерген.

Ал мемлекеттік сатып алу сайтына мониторинг жүргізу кезінде білім бөлімі сәбіздің бір келісін 16 мың 700 теңгеге сатып алуға тырысқаны анықталған. Ал нарықтағы бағасы - шамамен 200 теңге. Баға 800 есе көтерілген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір