05 Сәуір, 2024 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Amanat партиясының депутаттары Асхат Аймағамбетов пен Жанарбек Әшімжанов "БАҚ туралы" заңға түзету енгізуді ұсыныды.
Түзетулерге сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарына ЛГБТ өкілдерін насихаттап жазуға тыйым салынуы, тіпті БАҚ қызметін тоқтатуға немесе жабуға негіз болуы мүмкін. Бұл туралы Vlast.kz порталы хабарлады.
"Біз ақпаратқа тыйым салу туралы емес, бұл қарым-қатынасты дәстүрлі қарым-қатынастан жақсырақ деп насихаттау туралы айтып отырмыз. Ақпарат ЛГБТ өкілдерін насихаттауға немесе дәстүрлі көзқарасқа қарсы қоюға негізделмеуі керек" - деді Әшімжанов.
Заң жобасының 22-бабына "дәстүрлі емес жыныстық бағыт" деген сөздермен толықтыру көзделген. Қазір жаңа толықтыру талқыланып жатыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір