• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 14:54:02
Алматы
+12°

26 Наурыз, 2024 Барлық аймақтар

Төрт тонна насыбай жойылды

Атырауда өткен құрылтайда Мемлекет басшысы жастардың насыбайға әуес болып, денсаулықтарына зиян тигізіп жатқанын айтқан болатын.

Фото: көрнекі сурет

Осы орайда, Астанада зиянды қалдықтарды жою жөніндегі мамандандырылған машинада бұрын тәркіленген 4 тонна насыбай жойылды. Акцияны елорда әкімдігі мен жергілікті полиция департаменті бірлесіп ұйымдастырды.

18 наурыздан бастап елордада шегілмейтін темекі өнімдерін тәркілеу жөніндегі уәкілетті органдар бірлесіп, арнайы рейдтер жүргізуде. Нәтижесінде, құны 20 млн теңгеден асатын 4 тонна насыбай тәркілерді.

Акцияны Астана қаласының әкімдігі мен елордалық полиция департаменті жеке серіктес – «Green economy» Еуропалық-Азиялық қауымдастығының ЗТБ «Kazecotech» ЖШС-нің көмегімен ұйымдастырды.

— Бұл акцияның негізгі миссиясы — жастардың мұндай заттарды тұтынуына тосқауыл қою. Жақында Ұлттық құрылтай өткенін бәріміз білеміз, оның аясында Мемлекет басшысы бірқатар өзекті мәселені, соның ішінде шегілмейтін темекі өнімдерін, вейптерді, синтетикалық есірткілердің қоғам дертіне айналғанын атап өтті. Бүгінде бұл мәселе әсіресе жастар арасында өте өзекті екенін естіп те, көріп те жүрміз. Себебі бұл вейпптерді негізінен 25 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастар пайдаланады. Біз үшін бұл түйткілдің түйінін тарқату өте маңызды. Сондай-ақ, бұл акцияға тұрғындарды бей-жай қарамауға шақырамыз, — дейді Астана қаласы мәслихатының депутаты, «Аманат» партиясының «Жастар Рухы жастар қанатының төрағасы Мағзұм Арсланбек те айтып берді.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: насыбай құрылтай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір