• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 06:13:53
Алматы
+12°

20 Наурыз, 2024 Барлық аймақтар

Қайырымдылыққа жинаған 2 млрд теңге қолды болды

Жалған көмек сұраушыларға 660 мыңнан астам қазақстандық өз ақшаларын жолдаған.

фото: Liter.kz

Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, түрлі күмәнді мақсаттарға ақша жинауға 138 банктік карта (краудфандингке) тартылған.

Жалған көмек сұраушыларға 660 мыңнан астам қазақстандық өз ақшаларын жолдаған.

Бұл туралы ҚМА алаңында Дмитрий Малаховтың төрағалығымен өткен Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) алдын алу және терроризмді қаржыландыру мен жаппай қырып-жою қаруын тарату мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңестің кезекті отырысы барысында белгілі болды.

Жалпы жиналған қаржы сомасы 6 млрд теңгені құрады, оның 33% (2 млрд) алаяқтық белгілері бар.

Әлеуметтік желілерде ұжымдық қаражат жинаудың қауіптері және оларды одан әрі мақсатсыз пайдалану анықталды.

ҚМА басшысы Д. Малахов жосықсыз азаматтар "ем" және "жағдайы төмен адамдарға көмек көрсету" үшін қайырымдылық қызметі мен көмек көрсету түріндегі қаражат жинауды кедергісіз және бақылаусыз жүзеге асыратынын атай отырып, алаяқтар ақшаны жылжымалы және жылжымайтын мүлікті сатып алуға, тұрмыстық шығындарға, букмекерлік кеңселерде бәс тігуге және шетелдегі қымбат пәтерлерді жалға алуға жұмсайтынын тілге тиек етті. Сондай-ақ жанашыр азаматтардың жақсы ниеті, "жалған" мұқтаждар үшін оңай табысқа айналуы мүмкін екенін айтады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір