13 Наурыз, 2024 Барлық аймақтар
Шетелден кірген ескі көліктің жылын жаңалап тіркемек болғандар тергеліп жатыр
Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Фото: Ашық дереккөзден
Алдын ала есеп бойынша бюджетке 14,3 млрд теңгеге залал келтіріліп, сотқа дейінгі 23 тергеу басталған. Яғни, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мемлекет көлік құралының шығарылған жылына байланысты тіркеу алымдарының мөлшерлемесін төмендету арқылы елге жаңа жүк көліктері мен автобустарды әкелуді ынталандырады. Көліктердің көпшілігі әлі де дизельмен жұмыс істейді және соның салдарынан ауаның ластану деңгейі артып келеді. Егер автокөліктің шығарылу мерзімі 5 жылдан асса, онда 2 500 АЕК төлеу керек, ал егер 2 жыл толмаса, төленетін сома 0,25 АЕК-ке дейін қысқарады.
«Кейбір жосықсыз азаматтар елге ескі және қауіпті жүк көліктерін, автобустарды жалған құжаттар бойынша әкелуге тырысып, шығарылған жылын ауыстырады. Тек анықталған фактілер бойынша 2022-2023 жылдары сотқа дейінгі 23 тергеу басталды, онда алдын ала есеп бойынша бюджетке 14,3 млрд теңгеге залал келтірілген» — делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта мамандандырылған ХҚКО-ның 59 лауазымды тұлғасы мен мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің қатыстылығы тексеріліп жатыр.
Сондай-ақ, Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, «Көлік құралдарын заңсыз бастапқы тіркеудің негізгі схемалары анықталды. Алаяқтық схемаларды ұйымдастырушылар арнайы ХҚКО-ға бастапқы алымның ең төменгі мөлшерлемесін төлеу мақсатында шығарылған күні өзгертілген жалған түбіртектерді ұсына отырып, автокөлікті есепке қоюды жүзеге асырған. Кейбір жағдайда тіркеу (2016 жыл бұрын) Egov порталы арқылы онлайн режимінде, жалған құжаттарды пайдалана отырып, ресми дилерден сатып алынған және жаңа КҚ ретінде алымдарды төлеу арқылы жүргізілген, – делінген.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір