• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 12:12:34
Алматы
+12°

11 Наурыз, 2024 Барлық аймақтар

Кәсіпкерлердің көбі табысын жасырып жүр – вице-министр

Қазақстанда нақты табысын жасырып жүрген кәсіпкерлер өте көп. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтты.

Фото: Ашық дереккөзден

– Қазіргі кезде көп салық төлеуші тіркеуде тұр. Бірақ олардың біразы салық нысанасында нөлдік көрсеткіш көрсетуде. 2023 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша,  1,4 млн жеке кәсіпкердің ішінде нөлдік көрсеткішті 944 мың салық төлеуші көрсетті. Бұл өз кезегінде 67 пайызға тең, – деді ол.

Министрдің сөзінше, елдегі кәсіпкерлердің тек 30 пайызы заңды түрде салық төлеп жатыр екен.

– Қалған 67 пайызы салық төлемейді, нөлдік көрсеткіш көрсетеді. Ұлттық банктің дерегіне жүгінсек, барлық төлем банк карточкасы арқылы өткен. Мәселен, бәріңіз дүкеннен тауар сатып аласыздар. Олардың айналымы бір жылдың ішінде 55 трлн теңге болды. Ал мобильді аударымдардың сомасы 80 трлн теңгені құраған. Түсінесіз бе? Бұл ретте, төлемдердің бір бөлігі салық алаңында болмағанын, төленбегенін байқатып отыр. Бұл өз кезегінде жергілікті жердегі бюджет шығыны саналады. Қазіргі кезде әлеуметтік саланың дамуына үлес қосу үшін осы төлемдерді төлеу керек, – деді Ержан Біржанов.

Вице-министр елдімекендердегі әлеуметтік нысанды толық қамтамасыз ету үшін салықтан жалтаруға жол бермеу керегін қадап айтты.

– Балалар жарық әрі жылы мектепте оқуға тиіс. Халық жақсы ем алуы керек. Егер жеке кәсіпкерлер осы 80 трлн теңгеден салық төлемесе, олардың жағдайы қиын болады. Сондықтан осы ақпаратты дұрыс жеткізуді сұраймын, – деді вице-министр.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір