06 Наурыз, 2024 NEWS
Көрнекі сурет
ҚМДМ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Егемен Қазақстан газетіне берген сұхбат барысында Мүфтияттағы ашықтық мәселесі туралы сұраққа жауап беріп, жамағаттан жиналатын пітір-садақа қайда жұмсалатынын түсіндірді.
"Шариғат бойынша зекет, пітір, підия садақалары жағдайы жоқ жандарға, жетім-жесірге, қарызға батқандарға, Алла жолында қызмет етіп жүрген азаматтарға, ақшасы таусылып, жолда қалған мүсәпірлерге беріледі. Халқымызда бағзы заманнан садақаны мешітке беру үрдісі қалыптасқан. Бұл да – сенім. Мешітке берілген садақа шариғат қағидаларына сай қайырымдылыққа жұмсалады. Соның ішінде пітір садақа мешіт тізіміне тіркелген көмекке мұқтаж отбасыларға, жетімдерге, жалғызбасты аналарға тапсырылады. ҚМДБ жанында Қаржы ашықтығын қамтамасыз ететін тексеру комиссиясы жұмыс істейді. Ол мешітке заттай немесе ақшалай түскен қаражаттың дұрыс мақсатта жұмсалуын қатаң қадағалайды. Халықтан түскен садақаға қиянат жасалуына жол бермейді. Қазір мешітке түсетін садақа Kaspi QR арқылы жүзеге асады. "Зекет және қайырымдылық" қорына берілетін зекет те электронды жүйемен орындалады. Өздеріңізге мәлім, пандемия кезіндегі қасиетті Құрбан айтта құрбандық шалу рәсімін онлайн режімде жүзеге асырдық" деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
ҚМДБ төрағасы қаржы ашықтығын қамтамасыз ету жұмыстары жалғаса беретінін атап өтті.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір