• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 12:59:04
Алматы
+12°

16 Ақпан, 2024 Әлеумет

Таза суды қашанғы далаға төгіп жүреміз?

Су тапшылығы Қазақстанның ең күрделі мәселесі екенін айтудан жалықпайтын ел билігі Балқаш көлінің жанынан АЭС саламыз дейді. Ал Балқаш көлінен айырылып қалсақ қайтеміз?

Жания Хайбуллина

Су тапшылығы мәселесіне қатысты сұрақты Qamshy.kz су ресурстарын зерттеуші Жания Хайбуллинаға жолдаған еді.

«Шынында да биылдан бастап су тапшылығын көреміз», дейді ол.

– Қазақстан су тапшылығына ұшырауы мүмкін екенін ғалымдар бекерден айтып жүрген жоқ. Трансшекаралық өзендер мәселесі бар. Іле мен Ертіс өзендерінің суы Қытайдан келсе, Сырдарияның басында Қырғызстан мен Өзбекстан отыр, Жайықтың бастауы Ресейден келеді. Ертістің суы азайса Зайсан көлінде, Іленің суы азайса Қапшағай мен Балқашта, Жайықтың суы азайса Каспий теңізінде су азаяды деген сөз.

Екінші мәселе, суды барынша тиімді пайдалану керек. Ресми деректерге сүйенсек, елімізде судың 67 пайызы ауыл шаруашылығына жұмсалады. Меніңше, одан да көп жұмсалатын секілді. Ал өнеркәсіпке судың 30 пайызы кетеді. Қалғаны тұрмыс-тіршілікке жұмсалады. Өкініштісі, өнеркәсіпке пайдаланған суды екінші рет пайдалана алмаймыз.

Су тапшылығының алдын алу мақсатында Су ресурстары министрлігі гидротехникалық құрылыс арқылы су қорын жинақтау жұмыстарын бастап кетті. Одан бөлек, біз халықаралық тәжірибелерге сүйеніп, су тапшылығының алдын алуымызға болады.

Мәселен, Кореяда асфальттың астына сорғыш орнатылады. Ол асфальт астынан суды тартып, көшеге себеді. Ол су сосын жер астына қайта жиналады. Бұл көше тазалауға артық су шығындамау үшін ойлап табылған әдіс. Израильде мәселен, тамшылатып суару технологиясы дамыған. Ал бізде ше? Қазақстанда көшелерді су шашып сыпыратын көліктер суды мүлдем үнемдемейді. Бізге де жаңағыдай технологияларды енгізіп, соның мамандарын дайындау керек, - дейді Жания Хайбуллина. 

Бифат Елтаева

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір