• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Сәуір, 10:36:01
Алматы
+35°

13 Ақпан, 2024 NEWS

14 ақпанда жер сілкінісі болады ма?: Сейсмолог блогердің болжамына жауап берді

Блогердің Алматыда жер сілкінісі туралы болжамына қатысты Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығының басшысы Дәулет Сәрсенбаев пікірін айтты.

Ашық дереккөзден алынды

Әлеуметтік желілерде Алматыда қатты жер сілкінісі болады деп болжайтын бейнероликтер  таралуда. Осы ақпаратты таратқан блогер "14 ақпанда планета Күн энергиясының бөлінуіне ұшырайды" және бұл жер сілкінісін тудыруы мүмкін дейді. Оның айтуынша, қала тұрғындары 14 ақпаннан наурыздың басына дейін жер сілкінісіне дайын болуы керек дейді. оның бұл болжамына Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығының басшысы Дәулет Сәрсенбаев:

     —Оның 14 ақпаннан кейін республика аумағында күшті жер сілкінісі болады деген болжамына келетін болсақ, шынын айтқанда, бұл блогерлер нені меңзеп отырғанын білмейміз. Олардың негіздері қандай? Олар түс көрме ме, әлде бірдеңе пайдаланады ма? Бұл қиын сұрақ. Шын мәнінде, біз күн сайын 200-ден астам параметрді өңдейміз, мониторинг гидродинамикалық, гидрохимиялық, геофизикалық, деформациялық процестерді және тіпті биологиялық бақылау арқылы жүзеге асырылады. Осының негізінде біз сейсмикалық жағдайға болжам жасаймыз. Биыл Алматы облысында күшті жойқын жер сілкінісі күтілмейді», — деді Дәулет Сәрсенбаев.

Еске салсақ, 23 қаңтарда Алматыда 6,7 баллдық жер сілкінісі болды. Астана уақытымен 00 сағат 09 минутта алматылықтар қатты жер сілкінісін сезді. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жер асты дүмпуінің эпицентрі Алматының оңтүстік-шығысында, 264 шақырым жерде тіркелді. ТЖД дерегіне сәйкес,  алдағы уақытта ешқандай дүмпуі қатты жер сілкінісі болмайтындықтан, дүрлігудің қажеті жоқ екенін ескертеді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір