• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Сәуір, 18:39:26
Алматы
+35°

09 Ақпан, 2024 Құқық

Мектеп есепшісі мұғалімдердің жалақысын "кертіп алып", өз туыстарына аударып отырған

Алдын ала келтірілген шығын көлемі 90 миллион теңгеден асады. Прокуратура аталған шығын көлемі бұдан да көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Себебі есеп әлі жүргізіліп жатыр.

Ашық дереккөзден алынды

Алматы облысының прокуратурасы Талғар ауданындағы мектептердің бірінде есепшінің жалақыға арналған бюджет қаражатын ұрлау фактісін анықтады.

"Бұл құқық бұзушылық мектепте жұмыс істемейтін қызметкерлері мен олардың туыстарына ақша аудару арқылы жасалған. Алдын ала келтірілген шығын 90 миллион теңгеден асады және шығын әлі есептеліп жатыр", делінген құзырлы ведомство хабарламасында.

Аталған факті бойынша облыс прокуратурасы Қазақстан Республикасы  Қылмыстық кодекстің 189 бабы 2-бөлігі 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) тергеулігі бойынша Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу басқармасына жолданды.

Сондай-ақ облыстық прокуратура алдында осыған ұқсас факт Еңбекшіқазақ ауданында да анықталып, тергеу қорытындысы бойынша мектеп есепшісі тергеу сатысында 10 миллион теңгеден астам шығынды өтегенін жеткізді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір