• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Сәуір, 17:53:28
+35°

08 Ақпан, 2024 Оқиғалар

«Анасы іздестіріліп жатыр». Түркістанда жалдамалы пәтерден екі жас бала өлі күйінде табылды

7 ақпанда Түркістан қаласында жалдамалы пәтерлердің бірінен екі жас баланың денесі табылды. Бүлдіршіндердің анасы аталған қылмыс бойынша күдікке ілінген.

Ашық дереккөзден алынды

Түркістан облыстық полиция департаменті бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, өлімнің себебін анықтау үшін балалардың денесі сараптамаға жолданғанын хабарлады.

«Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау және балалардың қайтыс болғаны мен олардың мекен-жайы туралы құрбысына хабарлаған ананың, яғни Қызылорда облысы тұрғынының орналасқан жерін анықтау мақсатында қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізілуде», делінген өңірлік ПД баспасөз қызметі.

Жергілікті Otyrar телеарнасы күдікті әйелдің Қызылорда облысы, Шиелі ауданындағы Пушкин атындағы №46 мектепте тәрбиеші болып жұмыс істегені туралы ақпарат таратты. Бұл ақпаратты Шиелі аудандық білім бөлімі де нақтылған.

Өз кезегінде Түркістан облысын бас полицейі Мұрат Қабденов тұрғындарды жалған ақпарат таратпауды сұрайды.

«Істің тергеу барысы менің жеке бақылауыма алынды. Жалған ақпарат таратқанға жауапкершілік қарастырылғанын ескертемін және азаматтарды тек ресми дереккөздерден алынған мәліметтерге сенуге шақырамын»,деді ол.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір