• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 11:45:14
Алматы
+12°

07 Ақпан, 2024 Саясат

Үкімет басына неге әйел адам келмейді? Тамара Дүйсенованың жауабы

7 ақпанда Үкімет дәлізінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова ханымды қоршап алған журналистер қауымы оған сұрақтарды қарша боратты.

wikipedia

Qamshy.kz осы сәттегі сұрақ-жауаптар легін сол күйінде ұсынуды жөн көріп отыр.

- Әлихан Смайылов неге отствакаға кетті?

Әлихан Смайыловтың өзі отставкаға кеткісі келетінін білдірді. Содан кейін оның отставкасы қабыл алынды.

- Отставкасына қатысты ол кісі өзіңізбен сөйлесіп, кеңесті ме?

...

- Көп министр өз орнын сақтап қалды, Үкімет отставкасы деп дауырықтырудың бұл арада қандай маңызы бар?

Бұл сауалдың маған қатысы жоқ деп ойлаймын. Бүгін өздеріңіз берілген бағаны естідіңіздер. Қай бір жерді дұрыс игерсек, қай бір жерде шамамыз келмеді. Оның үстіне экономиканы модернизациялау, оның қарқыны бойынша алдымызға үлкен міндеттер қойылды. Президент осы себепті жұмысымызға жаңа серпін беру керек деп шешкен секілді.

- Үкімет басына неге әйел адам келмейді?

Мемлекет аппарат басшылығында әйелдердің саны аз екені рас. Бұл арада, меніңше, әйел немесе еркек екені емес, өзінің кәсіби біліктігі маңызды болуы шарт деп ойлаймын. Әрине, өндірісте, бүтін министрлікті басқарып отырған тәуір қыздарымыз бар. Егер жақсы жұмыс істесек, Мемлекет басшысы бізге де назар аударады деп ойлаймын.

- Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қызметінен неге кетті? Бұл міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (МӘМС) төңірегіндегі дау-дамаймен байланысты ма?

Біз өмір бақи бір қызметте жұмыс істемейміз ғой. Осы жағынан алғанда, Ажар Ғиният алдына қойылған міндеттерді шама-шарқынша атқарды. Енді жаңа міндет айқындалды. Жаңа міндет – осы жүйенің қаржылық бөлігін аударыстырып, жөнге келтіру...

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір