• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Мамыр, 22:18:32
Алматы
+35°

07 Ақпан, 2024 Саясат

Үкіметтің жаңа құрамы: төрт министр орнын босатты

Кеше, 6 ақпанда отставкаға кеткен Үкіметтің құрамы жаңадан жасақталды.

primeminister.kz

Бұл арада жаңадан дегеннен гөрі қайтадан деген сөзді қолданған дұрысырақ секілді. Өйткені министрлер кабинеті 21 лауазымды орыннан тұрады десек, соның тек төртеуі ғана жаңаланды.

Сонымен, Президент Жарлығына сәйкес, Әлихан Смайылов басқарған Үкіметтің тұтқасына Антикордың төрағасы болған Олжас Бектенов ие болды. Ал жаңадан тағайындалған министрлерге келсек, олардың саны – төртеу.

Атап айтқанда, Үкімет басшысының орынбасары әрі Ұлттық экономика министрі қызметіне бұған дейін «Бәйтерек» холдингін басқарған Нұрлан Байбазаров келді.  Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың орынын экс-депутат Мәди Такиев басты. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният та орнын босатты. Бас дәрігердің шылбыры сенатор, медицина ғылымдарының докторы Ақмарал Әлназароваға бұйырды.  Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов та орнын босатты. Бұл жауапты лауазымға Президенттің Күзет қызметінің бастығы болған Шыңғыс Әрінов тағайындалды.

Үкіметте лауазымды орындарын сақтап қалғандар:

Роман Скляр – ҚР Премьер-министрдің бірінші орынбасары.

Ғалымжан Қойшыбаев – ҚР Премьер-министрінің орынбасары- Үкімет аппаратының басшысы.

Мұрат Нұртілеу – ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі.

Тамара Дүйсенова - ҚР Премьер-министрінің орынбасары.

Серік Жұманғарин – ҚР Премьер-министрінің орынбасары

Руслан Жақсылықов – Қорғаныс министрі.

Ержан Сәденовті - Ішкі істер министрі.

Азамат Есқараев - Әділет министрі.

Алмасадам Сәтқалиев - Энергетика министрі.

Айдарбек Сапаров - Ауыл шаруашылығы министрі.

Бағдат Мусин - Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.

Ғани Бейсембаев - Оқу-ағарту министрі.

Ерлан Нысанбаев - Экология және табиғи ресурстар министрі.

Саясат Нұрбек - Ғылым және жоғары білім министрі.

Нұржан Нұржігітов - Су ресурстары және ирригация министрі.

Аида Балаева - Мәдениет және ақпарат министрі.

Ермек Маржықпаев - Туризм және спорт министрі.

Марат Қарабаев - Көлік министрі.

Светлана Жақыпова - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

Қанат Шарлапаев - Өнеркәсіп және құрылыс министрі.

Арман Шаққалиев - Сауда және интеграция министрі лауазымына тағайындалды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір