• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 13:44:26
Алматы
+12°

06 Ақпан, 2024 Саясат

Орманды өз бизнесіне айналдырып жіберген резерват басшысы ұсталды

"Ертіс орманы" табиғи резерватының басшысы Арман Бектеміровпен қатар, оның қол астындағы бес бухгалтеріне қатысты да сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Антикордың баспасөз қызметі

Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет прокуратураның үйлестіруімен орман шаруашылығын қорғау саласындағы жүйелі жемқорлықты анықтау шеңберінде "Ертіс Орманы" Мемлекеттік орман табиғи резерватының басшысы тарапынан пара алу фактілерін анықтады.

Оның кәсіпкерлерге іскерлік орманды заңсыз кесу және сатуда пара алудың қылмыстық схемасын ұйымдастырғаны анықталды.

"2024 жылы 26 қаңтарда тергеу сотының санкциясымен аталған резерват басшысы екі ай мерзімге қамауға алынды. Сонымен қатар, резерваттың бес бухгалтеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, олар 2021-2023 жылдар аралығында өздерінің карточкалық шоттарына, сондай-ақ мекеменің жұмыс істеп тұрған және бұрынғы қызметкерлерінің шоттарына жалақыны есептеу және аудару арқылы 25 млн теңге сомасында аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырған", делінген Антикордың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Келтірілген материалдық залал ішінара өтелді.

Тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір