• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 13:23:08
Алматы
+12°

05 Ақпан, 2024 Саясат

Тоқаев үкіметті таратып жіберді!

Тоқаев 7 ақпанды күтпей-ақ Үкімет отставкасын қабылдап жіберді.

ашық дереккөзден

5 ақпанда Ақорданың ресми сайтында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Жарлығы жарияланды, деп хабарлайды Qamshy.kz.

Жарлықта былай делінген:

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын.

2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктелсін.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: үкімет отставкасы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір