• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 11:15:08
Алматы
+12°

01 Ақпан, 2024 Барлық аймақтар

Қазақстанда 500 теңгеден 20 000 теңгеге дейінгі барлық банкнот ауысады

Былтыр Қазақстанда жаңа "Сақ стилі" сериясының бес мың банкноты айналысқа шыққан. Ұлттық банктің мәліметінше, осы сериядағы банкноттардың барлық номиналын кезең-кезеңімен шығару жоспарлануда.

ашық дереккөзден алынды

«2024 жылдың жазында номиналы 10 000 теңгелік банкнот шығару жоспарланған. Жалпы осы серия аясында 2025 жылдың аяғына дейін банкноттардың барлық номиналын айналымға кезең-кезеңімен шығару жоспарланған. 500 теңгеден басталып, номиналы 20 000 теңгелік банкнотпен аяқталатын жаңа серия», - деп хабарлайды Ұлттық банк. 

Жаңа дизайндағы банкноттар айналымға шыққаннан кейін бұрынғы дизайндағы банкноттар айналымнан кезең-кезеңімен шығарылады.

«Ұлттық банк ескі және жаңа үлгідегі банкноттардың параллель айналыс мерзімін 1 жылға белгілейді. Қажет болған жағдайда бұл мерзім ұзартылуы мүмкін. Параллель айналыс кезеңінде ескі және жаңа банкноттар заңды төлем құралы болып табылады және төлемдер мен аударымдардың барлық түріне қабылданады. Оларды Ұлттық банктің барлық филиалында, Қазпоштада және екінші деңгейлі банктерде шектеусіз айырбастауға болады»,  делінген хабарламада.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: жаңа банкнот теңге

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір