• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 15:55:01
Алматы
+12°

Фото: Ашық дереккөз

Қазақстан сыртқы істер министрлігі Азаттықтың 36 тілшісіне аккредитация бермей жатыр. Биыл Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Азаттық тілшілеріне аккредитация бермейтінін хабарлаған. Бұл туралы Азаттық сайты жазды. 

Азаттық редакциясы барлық құжаттарды бірнеше рет және уақытылы тапсырған. Ережеге сәйкес, сыртқы істер министрлігі шетел ақпарат құралының тілшісіне аккредитация беру немесе бермеу туралы шешімді өтініш түскен күннен бастап екі ай ішінде қабылдауы керек. Аккредитация берілмеген жағдайда министрлігін шешімін негіздеуі тиіс.

Ал Азаттық өз мүддесін сотта қорғайтынын хабарлады.

Бұған дейін еліміздегі аккредитация алмаған шетел ақпарат құралдарының қызметіне тыйым салу туралы ұсыныс түскен. Масс-медиа туралы жаңа заңға шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары мен олардың журналистерін аккредиттеу ережелеріне қатысты түзетулер енгізілмек. Депутаттар ұсынған өзгерістер сыртқы істер министрлігіне «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда» шетелдік БАҚ өкілдіктері мен олардың журналистерін аккредиттеуден бас тарту құқығын береді. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір