• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 02:51:22
Алматы
+35°

23 Қаңтар, 2024 Барлық аймақтар

Жер сілкінісі: зардап шеккендер бар

ҚР ТЖМ "Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 23 қаңтарда Алматы уақытымен 00 сағат 09 мин 02 сек жер сілкінісі тіркелді.

Фото: ашық дерек көздерінен алынған

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 км жерде орналасқан Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 15.1.

MPV магнитудасы 6.7.

Эпицентрдің координаттары 41.32° с. е. 78.61° с.б.

Тереңдігі 65 км.

Сезгіштігі туралы мәліметтер (MSK -64 шкаласы бойынша): Алматы 5 балл, Шымкент 2 балл.

Өзара іс-қимыл алгоритміне сәйкес тиісті мемлекеттік органдар хабардар етілді, бұзушылықтардың болуына, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмыс істеуіне мониторинг жүргізілуде.
Полиция департаментінің жедел кезекшісіне қаланың ғимараттары мен құрылыстарын қирау мен зақымдану тұрғысынан көзбен шолып қарау туралы ақпарат жинау үшін ақпарат жеткізілді

Алматылықтар үйін тастап кетуге асықты. Үш адам тұрғын үйдің екінші және үшінші қабатынан секіргенде жараланған.  Екі адам амбулаторлық ем алуға жіберілді. Үшінші науқастың жағдайы ауыр, қазір ол ауруханада жатыр.

Қаладан шығатын жолдарда көлік кептелісі, жанармай құю бекеттерінде ұзын сонар кезек пайда болған. Тағы жер асты дүмпулері болады деп қорыққан тұрғындар қаладан кетуге асықты.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ТЖД жер сілкінісі

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір