• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 09:59:19
Алматы
+12°

Экс-министр Бишімбаевтың ісіне қатысты тергеу жұмыстары аяқталды. Бұл туралы адвокат Жанна Мұхамади хабарлады. 

"Апта соңында Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты тергеу аяқталғаны туралы хабарлама келді. Қазір бізді қылмыстық іске қатысты жүргізілген сараптамалық материалдармен таныстырды. Алайда істің материалдарын әлі толық көргеніміз жоқ. Мұндай істерге қатысты менің үлкен тәжірибем бар деп айта аламын. Бұған дейін адам өліміне байланысты қылмыстық істерге адвокат ретінде қатыстым. Алайда сараптама нәтижелерін көріп шошыдым. Мұндай қатыгездікті, салқынқандылықты алғаш көруім. Салтанаттың туыстарына деген құрметпен істің бүге-шегесіне дейін айта алмаймыз. Тараптар іс материалдарымен танысып, қорғау өтініштерін мәлімдегеннен кейін шешім қабылдау үшін прокуратураға жіберілетін болады", деп жазды адвокат. 

Жанна Мұхамадидің айтуынша, аса ауыр қылмыс жасағаны туралы хабарламағаны үшін алты мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тартылуға, алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылмақ.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Салтанат Нұкенова

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір