08 Қаңтар, 2024 Спорт
Фото: Ашық дереккөз
Әйелдер теннисі ассоциациясы жаңартылған рейтингін жариялады. Қазақстандық тенисші Елена РЫБАКИНА Әйелдер теннисі ассоциациясы (WTA) рейтингінде жаңа позицияға көтерілді, деп хабарлайды Sport.kz.
Әлемнің бірінші ракеткасы атағын польшалық теннисші Ива ШВЕНТЕК сақтап қалды. Екінші орында беларус қызы Арина СОБОЛЕНКО тұр. Ал біздің Елена РЫБАКИНА америкалық Кору ГАУФФТЫ төртінші орынға ысырып, үшінші орынға көтерілді.
Аустралияның Брисбен қаласында өткен WTA 500 турнирінің финалында Рыбакина Соболенконы жеңген болатын. Тағы бір теннисші қызымыз Юлия ПУТИНЦЕВА рейтингте 64-орында тұр.
Кеше Елена Рыбакина Австралияның Брисбен қаласында өткен WTA 500 финалында әлемдік рейтингте екінші орында тұрған Беларусь Арина Соболенконы жеңді. Бірінші сетте Рыбакина Соболенконы 25 минутта 6:0, ал екіншісінде 6:3 есебімен жеңді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір