29 Желтоқсан, 2023 NEWS
Қазақстан Талибанды тыйым салынған ұйымдар тізімінен алып тастайды
2005 жылы Жоғарғы сот шешімімен Талибан қозғалысы террористік ұйым деп танылып еді.
Фото: Ашық дереккөз
Қазақстан "Талибанды" тыйым салынған ұйымдар тізімінен алып тастайды. Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров inform.kz сайтына берген сұхбатында айтқан.
- Қазақстан елде тыйым салынған террористік ұйымдардың ұлттық тізіміне үнемі ревизия жүргізеді. Аталған үдеріс шеңберінде БҰҰ тәжірибесіне сәйкес, одан "Талибан қозғалысын" алып тастау туралы шешім қабылданды. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің орындауға міндетті қарарларына сәйкес, "Талибан қозғалысы" БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі террористік деп таныған ұйымдардың тізімінде жоқ, – деген Айбек Смадияров.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір