27 Желтоқсан, 2023 Оқиғалар
"Қазақмыс" шахтасында машинист қаза тапты
Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтайды.
Фото: Liter.kz
"Қазақмыс" компаниясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, жазатайым оқиға 2023 жылдың 26 желтоқсанында Ұлытау өңіріндегі Жыланды кенішінде болған.
"Сағат 18:30-да «Шығыс Сары-оба» шахтасы учаскелерінің бірінде жерасты техникасының машинисі жұмыс орынында қозғалыс барысында, абайсызда екінші жүргізушіні соғу салдарынан 1992 жылғы азамат алған ауыр жарақатынан көз жұмды", делінеді хабарламада.
Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтайды.
Соңғы кездері «Қазақмыс» кен орындарында кісі өліміне әкелген жазатайым оқиғалар жиі орын алуда.
6 қарашада Шығыс Жезқазған кенішінің №57 шахтасында 1 адам мерт болды. 22 қарашада Жезқазған кен байыту фабрикасында 1 жұмысшы көз жұмды. 27 қарашада тағы 2 адам қаза тапты.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір