• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 15:56:45
Алматы
+12°

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов қазақстандықтардан полиция қызметіне көп шағым түсетінін айтты.

«Біле білсеңіздер, Қазақстан Республикасы өз билігін күш құрылымдарына пәрменді есірсін деп емес, ескерсін деп береді. Халықты қорласын деп емес, қорғасын деп береді?! Сондықтан, бүгінгі шұғыл сауал жолдауымыздың себебі –қарапайым халықтың үнін, мұң-мұқтажын, талап-арызын Сіздерге жеткізудің соңғы амалы десек те болатын шығар. Өйткені, шарасыз халық біздер – депутаттарға соңғы инстация ретінде, басқа органдардан көмек күте алмаған соң ғана жүгінеді», - дейді ол бас прокурорға жолдаған сауалында.

Ринат Зайытов депутаттардың атына өңірлердегі күш құрылымдары қызметкерлерінің әрекетіне шағым жиі түсетінін жеткізді.  

«Оларға Алматы, Шымкент, Өскемен, Семей, Жаңаөзен және тағы басқа қалалардан түскен бірқатар шағымды жатқыза аламыз. Онда Ата заңымызбен бекітілген, адам және адамның өмірі, оның құқығы мен бостандығын қорғау сияқты айрықша құқыққа ие – күш құрылымы қызметкерлері өздерінің «жедел іздестіру іс-шараларын» жамылып, жеке мақсатта әрекет ететіндері мәлімделіп жатыр», - деді депутат.

Депутат айтқан сөзіне нақты мысалдар келтірді.

«Мысалы, Шымкент қаласының тұрғыны, жалғыз басты ана - А.А. Мамаеваның және оның ұлы алаяққа тап болып, шамамамен 4 млн теңгеден айырылған екен, бұл фактіні анықтап, Шымкент қаласының Еңбекші аудандық полиция басқармасына арызымен жүгінген. Алайда, өтініш иесінің айтуынша, құқық қорғау органдары қызметкерлерімен таныстығының арқасында, айыпталушының үстінен қозғалған қылмыстық іс, белгісіз себептермен бірнеше рет тоқтатылған және жәбірленуші мен оның ұлына ашық түрде қоқан-лоқы көрсетілген. Сонымен, 2021 жылдың тамызында қозғалған іс бүгінгі таңға дейін сотқа жетпеген», - дейді ол.

Сондай-ақ, қоғамдық қабылдауға келген Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының тұрғыны, өтініш иесі З.А. Тотанованың атынан арыз қалдырып, айтып жеткізген жайт тіптен ойға қонымсыз дейді депутат. Оның айтуынша жәбірленушінің өзіне аймақтық күштік құрылым қызметкерлері тірідей мәйіт қаздырып, азап көрсеткен.

«Осындай істі сотқа дейін жеткізбеу, не тіпті істі қозғамау, билігін асыра пайдалану және тағы да сол сияқты іс-әрекеттер туралы менің осындағы әріптестерім де айта алады. Сондай-ақ, бұл Ішкі істер министрлігіндегі «құжаты бар қарақшылар мен қаруы бар қорқаулар» өз қызметтік мансабын асыра пайдаланып, қыздарды зорлау фактісімен өздері ұсталып отыр. Осы ретте, бұларға сенім қайдан болсын?! Құзыретін қылмысты азайту үшін емес, табысын көбейту үшін пайдаланатын қызметкерлерге неге шара қолданбаймыз?» - дейді ол.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір