• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 12:33:49
+12°

Бүгінгі күні Қазақстанда өңірлерді дамыту бойынша қарқынды жұмыстар жүріп жатыр. Әсіресе Астана қаласында көзге көрінер ауқымды жұмыстар жетерлік.

Оның ішінде тұрғын үй құрылысы, жылу мен электормен жабдықтау, тұрғын үй — коммуналдық шаруашылық ұйымдарын жетілдіру мен көлік-логистикалық әлеуетін нығайту және жаңа өндірістік кәсіпорындарды іске қосуға қатысты бірқатар жұмыстар атқарылуда.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында: «Мемлекет жаңа тұрғын үйлер салады, барлық өңірдегі жергілікті инфрақұрылым мен инженерлік коммуникацияларды жаңартады. Біз сапалы жұмыс орнын қамтамасыз етеміз, әр азаматтың өзін дамытуына тең мүмкіндік жасаймыз. Мұның бәрі өңірлерді тұрғындар мен инвестициялар үшін тартымды етеді», — деген болатын.

Бүгінгі таңда президенттің тапсырмасын бұлжытпай орындап, халықты жайлы тұрмыс, қоңды әл-ауқатпен қамтамасыз ету мақсатында Астана тарапынан да біршама жұмыстар атқарылып, өңірдің дамуына елеулі үлес те қосылып жатыр.

Елорда әкімдігінің ресми сайты жазғандай: «Бұл бағдарламаның мақсаты – базалық қызметтерге халықтың тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдайды жақсарту және тұрғын үй құрылысын дамыту, сондай-ақ көліктік байланысты қамтамасыз ету және елдің көліктік-транзиттік әлеуетін жоғарылату есебінен азаматтардың қолайлы өмір сүру ортасын құру».

Елордадағы соңғы нәтижелердің ішінде ең бір ауыз толтырып айтарлық жайыт, елорда халқының 99,9 пайызы, яғни түгелге жуығы орталықтандырылған сумен қамту жүйесіне қосылған тұғын. Ал жол-көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын салуға және реконструкциялауға 82,5 млрд. теңге бөлінді. Ағымдағы жылы 13 км жаңа жол салу және 55 км автожолға орташа жөндеу жүргізу жоспарланып отыр екен.

Елдің барлық аймақтарын теңдей жетілдіріп, тұрмысқа қажетті жағдайды халыққа жасап беру Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басты мақсаттарының бірі және сол мақсатты жүзеге асыру үшін елімізде «Қуатты өңірлер – елді дамытудың драйвері» Ұлттық жобасы қабылданып, Республиканың түкпір-түкпірінде іске аса бастады.

Осы ретте 2023 жылы «Қуатты өңірлер – елді дамытудың драйвері» Ұлттық жобасы аясында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін салуға Астанада 22,6 млрд. теңге қарастырылып, елорда да өз тарапынан жобаны іске асыру мақсатында жұмысқа кірісіп кеткен болатын.

Айта кету керек, республикалық бюджеттің трансферттерінен жобаны іске асыруға тек 6,7 млрд теңге қарастырылса, ал 5,0 млрд теңге мемлекеттік құнды қағаздар шығару есебінен қарыз қаражаты болып табылады. Жоба аясында жергілікті бюджет қаражаты есебінен 10,9 млрд теңге бөлініп, жоспарды іске асыруға жұмсалмақ екенін де айта кету керек.

Астанада «Қуатты өңірлер – елді дамытудың драйвері» Ұлттық жобасын насихаттау жұмыстары да қарқынды жүргізіліп жатыр. Естеріңізде болса, үстіміздегі жылы тамыз айында аталған жобаны іске асыру мақсатында Астана қаласының еңбек мобильділігі орталығында Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданына қоныс аудару бойынша кеңес өтіп, тұрғындарға біршама жеңілдіктер мен көмектер берілетіні айтылған. Атап айтқанда, баспана сатып алу үшін сертификат, үй жалдауға қаражат пен қайтарымсыз гранттар және отбасының әр бір мүшесіне субсидия беру мен тұрақты жұмысқа тұрғызуға көмектесу қарастырылғаны айтылған.

Осы ретте Астанада жыл сайын өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері де өтіп тұратынын айта кеткен жөн. Өңірлердің жәрмеңкесінде Түркістан, Атырау мен Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстары, Қостанай, Павлодар мен Абай, ШҚО және Қарағанды, Ұлытау, СҚО, Ақөбе, сондай-ақ Ақмола облыстары өздерінің жергілікті өнімдерін астаналықтарға ұсынып, елді қуантып отыратыны белгілі. Мұндай бастама аймақаралық байланысты нығайтып, өңірлердің сауда саттығы мен кәсіпкерлігін дамытуға оң ықпал ететіні сөзсіз.

Жоғарыда айтып өткен барлық мысалдар «Қуатты өңірлер – елді дамытудың драйвері» Ұлттық жобасы бүгінде бас қалада да өз нәтижесін бере бастағанының айқын көрінісі деуге болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір