30 Қараша, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Астананы дамытудың 2035 жылға дейінгі Бас жоспарының жобасы қалалық мәслихатта бекітіліп, «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Осылайша, елорданың алдағы 12 жылға арналған жоспары талқылануда. 2035 жылға қарай Астана халқының саны 2275000 адамға жетуі мүмкін. Құжатқа сәйкес, еңбекке қабілетті жастағы халық есептік мерзімінің соңына қарай қала халқының 66 пайызын құраса, мектептердегі орын санын 257,4 мың орынға, ал балабақшалардағы орындарды 82,7 мың орынға ұлғайту көзделген. Бас жоспардың жобасына қатысты қала тұрғындары қызу пікір білдіруде. Талқылау 8 желтоқсанға дейін жалғасады.
Соңғы деректерге сүйенсек, бүгінде елорда халқының саны 1409497 адамды құрап отыр. 2035 жылға дейін олардың қатары 2,3 млн адамға жетуі мүмкін. Осыған орай, Астана қаласы Бас жоспарының жобасы «Ашық НҚА» порталында халықтың талқысына салынды.
Астана қаласының 2035 жылға дейінгі Бас жоспары – келешектегі кешенді дамудың, аумақты жоспарлы ұйымдастырудың, қаланың әлеуметтік және инженерлік-көлік инфрақұрылымы жүйесінің бағыттарын айқындайтын негізгі қала құрылысының құжаты.
Қазақстандықтар 2023 жылдың 8 желтоқсанына дейін оған қатысты пікір білдіріп, талқыға сала алады. Мамандардың мәлімдеуінше, 2035 жылға қарай Астана халқының саны 2275000 адамға жету мүмкін. Еңбекке қабілетті жастағы халық есептік мерзімінің соңына қарай қала халқының 66 пайызын құрайды.
«Астана Бас жоспар» ЖШС жобалық тобының жетекшісі Бақтияр Тоқтамысовтың айтуынша, 2035 жылға дейін жаңа Бас жоспарды әзірлеу қажеттілігі елорданың қарқынды өсуіне байланысты пайда болды. 2001 жылы жапон сәулетшісі Кисе Курокава жасаған алғашқы жоспар қалада 800 мыңға жуық адам тұратынын көздеді.
2035 жылға қарай қаланың шекарасы мен қаңқасы өзгеріссіз қалады. Осыған қарамастан, қала төрт бағытта – «Метро» СО ауданындағы Қарағанды тасжолына қарай, Мәңгілік ел көшесі, Тұран даңғылының батысында, сондай-ақ «Тельман» тұрғын алабының оңтүстігіне қарай өседі. Елордада жаңа К-3 айналма жолы пайда болады. Ол Хусейн бен Талал көшесімен, жаңа теміржол вокзалының жанынан, Байқоңыр ауданындағы өнеркәсіп аймағынан өтіп, Нұрғиса Тілендиев даңғылынан үлкен Талдыкөл көлін айналып өтеді. Кейбір аудандарда: Көктал, Шұбар, Заречный, жаңа вокзал, Оңтүстік-шығыс аудандары мен Асан қайғы көшелеріндегі ескі үйлер ысырылады. Бұл ретте бірінші кезеңге, яғни 2025 жылы бір адамға тұрғын үй қорымен қамтамасыз етуді 26 шаршы метрге дейін ұлғайту жоспарлануда. Бұл ретте тұрғын үй қоры 37200 мың шаршы метрді құрайды.
«Қала аумағының әкімшілік шекаралары шегіндегі халық саны бастапқы жылы 1184,4 мың адам болды. Астана қаласы халқының келешектегі санының болжамы корреляция-регрессия талдауы, жас қозғалысының әдісі, статистика экстраполяциясы және еңбек теңгерімі негізінде экономика-математика әдісін пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика агенттігінің әдістемесі бойынша халықтың табиғи және көші-қон қозғалысында объективті болып жатқан өзгерістерді ескере отырып орындалды. Халықтың келешектегі саны әлеуметтік-экономиалық қызметтің барлық саласындағы қызметке еңбекке қабілетті жастағы халықтың оңтайлы қосылуын ескере отырып, статистика экстраполяциясы әдісімен айқындалған» делінген құжатта.
Бас жоспарда есептік мерзімге жалпы білім беретін мекемелердегі орындар санын 257,4 мың оқушы орнына немесе бұрыннан бар 94341 орынға, 164 мектепке немесе бастапқы жылға 100 мектепке ұлғайту көзделген.
2035 жылға қарай қаланың шекарасы мен қаңқасы өзгеріссіз қалады. Осыған қарамастан, қала төрт бағытта – «Метро» СО ауданындағы Қарағанды тасжолына қарай, Мәңгілік ел көшесі, Тұран даңғылының батысында, сондай-ақ «Тельман» тұрғын алабының оңтүстігіне қарай өседі. Елордада жаңа К-3 айналма жолы пайда болады. Ол Хусейн бен Талал көшесімен, жаңа теміржол вокзалының жанынан, Байқоңыр ауданындағы өнеркәсіп аймағынан өтіп, Нұрғиса Тілендиев даңғылынан үлкен Талдыкөл көлін айналып өтеді
Мектепке дейінгі мекемелер желісін дамыту үшін есептік мерзімге мектепке дейінгі мекемелердегі орындар санын 82,7 мың орынға, оның ішінде мемлекеттік және жеке үлгідегі жеке тұрған балабақшаларда 64,8 мың орынға ұлғайту көзделген.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір