15 Қараша, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Бүгін мәжіліс отырысында депутат Ринат Зайытов Қорғаныс министріне лауазымды тұлғалар мен балаларын әскери дайыдыққа міндеттеу туралы сұрақ қойды.
"Мен осы уақытқа дейін министрдің баласы, әкімнің баласы әскерде жүр дегенді естімедім. Қателесуім де мүмкін. Осыған қатысты жоғары лауазымды тұлғалардың не өздерін не балаларын 2 айлық әскери дайындыққа міндеттейтін норма қарастыруға бола ма?"", деді Ринат Зайытов.
Депутаттың бұл сауалына Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов жауап берді. Олардың айтуынша, балаларын әскерге жібергендер арасында лауазымды тұлғалар бар. Алайда олар бұл туралы көп айта бермейді.
"Басқалар көрсін, білсін деп патриот болудың қажеті жоқ. Мен бір мысал айтайын. Бұрынғы ішкі істер министрі генерал палковник Қалмұханбет Қасымов 2 туған жиенін маған әкеліп, сарбаз ретінде әскери борышын өтесін деді. Сенатор болған Құл-Мұхаммед Абрарұлының да өте жақсы мектепте білім алған ұлы десанттық шабуыл әскерінде сарбаз ретінде борышын өтеді. Қазір АҚШ-тағы әскери училищесінде білім алып жатыр. Сол себепті министрлер мен депутаттардың балаларын бөліп жарып, мұндай заң шығарудың мағынасы жоқ. Заң бәріне ортақ", деді министр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір