31 Қазан, 2023 Спорт
Фото: Ашық дереккөз
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Grand Swiss 2023 турнирінде қытайлық Тан Чжунъиді жеңді, деп хабарлайды Sports.kz.
Қазақстандық шахматшы осы жеңісінен кейін 4,5/5 ұпай жинап, жарыста көш бастады.
Ал Тан Чжунъи – әйелдер арасындағы он алтыншы әлем чемпионы.
"Мен турнир кестесіне мән бермеуге тырысамын, өз білгенімше ойнаймын. Алайда бүгінгі ойын ерекше болды. Оның бірнеше жүрісінен кейін жағдайым қиындайды деп ойлап ем. Сондықтан "жақсы, осылай жүрсең, маған әрі қарай не болатынын көрсет" деп ойынымды жалғастыра бердім. Кейін жағдайым тәп-тәуір екенін ұқтым. Аз ғана уақыт қалғанда ғана ең үздік жүрісті іздеуге тырыстым", - деді Бибісара Асаубаева.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір