• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 17:17:52
Алматы
+12°

Бүгін Мәжілісте депутат Ермұрат Бапи тағы дін мәселесін көтерді, деп хабарлайды Qamshy.kz.

Ермұрат Бапи бұған дейінгі депутаттық сауалын әлеуметтік желіде бұрмалам, Исламға қарсы деп ақпарат таратып жүргенін айтты. 

"Мемлекеттік ұлттық тұтастығы мен халқымыздың дәстүрлі дінін, ұрпағымыздың болашағын қатерге байлап қоя алмаймыз. Біз ұлттық қадір-қасиетімізді сақтаймыз десек елдің ішіне кіргізіп алған жат діни ағымды ақыл-санадан да, ауыл мен қаладан да қуып шығуға міндеттіміз. Бірақ депутаттар қаққан дабылды Ислам дініне қарсы шықты деп Ринаттың 80 пайызы сияқты талқылап, дау шығарып жүр. Ескерте кетейін, біздер Исламға елдегі Абу Ханифа мазхабына қарсы емеспіз. Біз сәләфизм мен уаһабизм идеясына қарсымыз", деді Ермұрат Бапи. 

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бұған дейін 3 депутаттың жат ағымға қатысты мәселені көтергенін еске салып, Үкіметтен нақты жауап күтетінін айтты. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір