09 Қазан, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Бүгін Үкімет сағатында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты мәселелер талқыланды. Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов медициналық сақтандыру жүйесіне халықтың сенімі азайғанын айтты.
“Жылдар өтті, казақстандықтар ай сайын қорға жарнасын төлеуде, бірақ сол үміт ақталды ма? Қызмет сапасы жоспарға сай артты ма?
Өңірлерге барғанда, ауруханаларды аралап, сайлаушыларымызбен, эксперттермен, қарапайым дәрігерлермен болған кездесулерден, жүргізген зерттеулерімізден түйгеніміз - проблемалар толық шешілмеген”, деді Асхат Аймағамбетов.
Оның айтуынша, қазір медицинаның сапасынан бөлек қарапайым қолжетілімдігіне зар болып қалдық.
“Қазақстандықтардың өз қалтасынан емделуге жұмсайтын қаражаттары азаюдың орнына, тек соңғы 2 жылда 27,7% - дан 31,1% - ға дейін өсті. Ауруханалардың кредиторлық берешегі көбейді, азаматтарымыздың медициналық көмек алу уақыты ұзарды, сапа төмендеді.
Осыған орай МƏМС идеясының беделі түсіп, тіпті осы жүйеге сенбегендіктен, біршама адам оны жоюды талап етуде.
Өкінішке қарай, бүгінгі таңда МƏМС қоры сақтандыру принциптерінің негізіндегі қор орнына, жай ғана қарапайым бюджеттен тыс қорға айналды”, деді депутат.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір