• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 07:26:54
Алматы
+12°

Қазақстандық кинотеатрларда жақында ғана көрерменге жол тартқан "Міржақып. Оян қазақ!" фильмінің көрсетілімі тоқтады. Әлеуметтік желіде фильмнің прокаттан алынып тасталғанына наразылық білдіргендердің саны артты. Осыған байланысты фильмнің режиссері Мұрат Есжан түсініктеме берді. 

Оның айтуынша фильмнің прокат мерзімі өткен жексенбіде аяқталған. 

“Міржақып. Оян, қазақ!” фильмі кестеде неге жоқ деген сұрақтар таң атқалы көптеп келіп жатыр. Шығармашылық топ, яғни, біз прокатпен айналысқан жоқпыз, десе де, мына нәрсені айтқым келеді. Фильм 21 қыркүйектен бастап тура екі апта бойы кинотеатрларда көрсетілді. Негізі прокат мерізімі өткен жексенбі аяқталған болатын, алайда көпшіліктің сұранысына байланысты 4 қазанға дейін ұзартылды", деп жазды Мұрат Есжан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Мұрат Есжан фильмнің прокаттан алынуынан ешқандай астар іздеп керегі жоқ екенін айтты. 

"Тараптарды кінәлаудың орны жоқ деп санаймын. Уақыты мен қаржысын қиып, келген, көрген, таратқан барша көрерменге алғысымыз шексіз! Көріп үлгермеген ағайын үшін фильм жақын арада «Qazaqstan» арнасының эфиріне және онлайн-платформаларға шықпақ", деді Мұрат Есжан.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір