• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Қараша, 05:53:37
Алматы
+12°

Шешенстан президенті Рамзан Қадыровтың 24 жастағы қызы Айшат Қадырова әлеуметтік мәселе бойынша Шешенстан үкіметінің вице-премьері болып тағайындалады. Рамзан Қадыров қызының тағайындалуын мақұлдаған. 

Бұған дейін Айшат Қадырова Мәдениет министрлігін басқарды. Бірнеше ай бұрын оның жұбайы Висхан Мацуев Үкімет төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. Қадыровтың өзі туыстарына сенім білдіргендіктен оларды маңызды лауазымға тағайындағанын айтқан. 

"Мен Муслим Хучиевтің ұсыныстарын қолдадым. Әрине, Айшат Қадырова Мәдениет министрлігінің қызметін жақсартуға зор үлес қосты, жақсы тәжірибе жинады", - деп жазды Қадыров.

Айшат Қадырова 21 жасынан бастап Шешенстан мәдениет министрінің орынбасары, министрі болған. "Отан алдындағы еңбегі үшін", "Адам құқығын қорғағаны үшін", "Шешенстан республикасына сіңірген еңбегі үшін" медальдары мен Ресей қосып алған, халықаралық деңгейде мойындалмаған "ДХР-дің" "Достық" орденімен, Шешенстанның ең жоғарғы марапаты - Қадыров орденімен марапатталған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір