• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 20:52:41
Алматы
+12°

29 Қыркүйек, 2023 Барлық аймақтар

Мұғалімнің жалақысы көп өсті. Бірақ сапасы артты ма?

Мұғалімдердің жалақысын көбейту бәсекеге қабілеттілігін арттыруы мүмкін, бірақ Қазақстандағы педагогикалық қызметті тиімді ете түсу үшін тек бұған баса назар аударуға болмайды, – дейді Дүниежүзілік банк сарапшылары.

Фото: ашық дерек көздерінен алынған

Банктің шолуында мұғалімдердің жалақысы бірқатар өсімдерден кейін нарықтық бәсекеге қабілетті деңгейге (мектепке дейінгі білім беруді қоспағанда) жақындап келе жатқаны атап өтілген. Бірақ республикадағы орташа оқушы мен мұғалімнің арақатынасы (жалпы орта білім беру ұйымдарында бір мұғалімге 9,5 оқушыдан) Экономикалық ықтымақтастық пен даму ұйымының орташа көрсеткішімен салыстырғанда төмен.                       

«Ел бойынша шағын мектептердің 40%-да оқушы мен мұғалімнің арақатынасы 4,4-ке дейін төмен болуы мүмкін, ал кейбір мектептерде мұғалімдердің саны оқушылардан да көп болуы мүмкін. Бұл көрсеткіш әсіресе ауыл мектептерінде көп. Мұғалімдердің ресми жүктемесі қисынсыз және жүйені тиімсіз етеді. Сонымен қатар, мықты студенттер арасында оқу үлгерімін арттыруды ынталандыратын мұғалімдерге еңбекақы төлеу жүйесі («ставкалар») және жалақыны есептеу, біркелкі дамыту тұрғысынан кәсіптің тиімділігін одан әрі төмендетеді», – дейді Дүниежүзілік банк сарапшылары.

Жүйе оқытуға және студенттермен жеке жұмыс жасауға сапалы материалдарды дайындаудан гөрі «сағатқа» көбірек уақыт бөлуді ынталандырады. Бұған қоса, оқушының бар білімін асыра бағалап, көрсеткіш үшін жоғары баға қоюға септігін тигізуі мүмкін.  

«Еңбекақы төлеу жүйесі өзгертілмесе және жұмыс жүктемесі оңтайландырылмайынша, жалақының өсуі мұғалімдердің тиімділігіне әсер етуі немесе оның жұмысының жақсаруына әкелуі екіталай», – деп қорытындылады Дүниежүзілік банк.

Жалпы, мұғалімдердің жұмысы мен бүгінгі педагогикалық білімнің жай-күйі алаңдатады. Мектеп ұстаздарының әл-ауқатын жақсартамыз деп жалақыны көбейтті, теріс тұсы сол балға үймелеген арадай түлектердің бәрі «өлмейтін мамандық» деп жаппай педагогика саласына оқуға түсіп жатыр. Ілініп-салынып жүріп, университетті әрең бітіргендер бүгінде бір-бір оқу ордасында сабақ беріп жүр. Сондағысы, балаларымыздың қаншалық сапалы білім, не тәлім алып жатқанын кім білсін?!

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: мұғалім жалақы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір