• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

10 Қараша, 16:51:29
Алматы
+12°

29 Қыркүйек, 2023 Барлық аймақтар

Короновирустың жаңа штамы шықты

Қазақстанда коронавирустың «Пирола» атты жаңа штамы тарауы мүмкін, – деп хабарлайды Qamshy.kz ақпараттық агенттігі КТК телеарнасының жаңалықтар легіне сілтеме жасап.

Фото: ашық дерек көздерінен алынған

Әзірге елде ресми тіркелмесе де, мутацияға ұшыраған ковидті тұмаудан ажырату қиын екен.

Белгілері: дене қызуының көтеріледі, тамақ қабынады, әлсіздік . "Пирола" АҚШ, Канада, Таиланд секілді әлемнің оннан астам еліне тарап үлгерді. Дәрігерлер бұл бұрынғы штамдарға қарағанда тез жұғады дейді.

Жыл басынан бері Қазақстанда 11 мыңнан астам азамат коронавирусқа шалдыққан. Соңғы аптадағы осы індетті 129 адамның жұқтырған. "Пирола" штамы бірінші кезекте шетелден қыдырып келген отандастарымыздан жұғуы мүмкін. Дегенмен әзірге аталмыш штамм елде ресми тіркелген жоқ.

“Біздің қолымызда әзірге ресми дерек жоқ. Тамыз айының соңы, қыркүйек коронавирустың өрши түсетін айы. Осы кезеңде оқу басталды. Шетелге ұшу жиіледі. Сондықтан негізгі қауіп "Пирола" анықталған елдерде. Тұмаумен белгісі ұқсас болғандықтан, оны айыру қиын. Сақтық шарасына көңіл бөлу керек. Қолды үнемі жуып, қоғамдық жерде бетпердемен жүруге кеңес береміз”, – деді медицина ғылымдарының докторы Ләззат Ералиева.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ковид Пирола штамы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір