28 Қыркүйек, 2023 Барлық аймақтар
Абай облысы көші-қон қызметі басқармасының басшысының парамен ұсталды
Әлеуметтік желілерде Абай облысы көші-қон қызметі басқармасының басшысының ұсталғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпараттық агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.
Фото: ашық дерек көздерінен алынған
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіңгі бұл ақпаратты растады.
"Абай облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі көші-қон қызметі басқармасының басшысы мен облыстық полиция департаментінің қызметкерлерін парамен ұстады.", - деді ведомство.
Антикордың мәліметінше, лауазымды тұлға өзінің қызметкері арқылы аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерін қалалық көші қон қызметі бөліміне ауыстыруға жәрдемдескені үшін 1000 АҚШ доллары көлемінде пара алған.
Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір