• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 02:04:57
Алматы
+12°

28 Қыркүйек, 2023 Барлық аймақтар

«Өмір бойына бас бостандығыңнан айырыласың...»

Тараз қаласындағы оқ-дәрі қоймасында жарылыс жасады деп айыпталушыларға қатысты тергеу әлі де жүргізіліп жатыр. Олар өз тарапынан соңғы мәлімдемесін жасады. Әскери қызметкерлер айыптаушыларды ақтауды сұрап отыр, – деп хабарлайды Qamshy.kz ақпараттық агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Фото: КТК жаңалықтарынан

«Өмір бойына кетесің, Челахтың қасына барасың" деді. Мен сол кезде қорықтым, бұған не үшін мойындауым керекпін деген кезде, "мойныңа ала сал, сендерге шартты жаза береді, шығып кетесіңдер" деді. Бізді бала сияқты алдады. Мен кінәлі емеспін, ештеңе өртемедім. Ал прокурорлар мұны біледі. Мен ақтау үкімін сұраймын», – деді айыпталушы.

Шымкентте 20 жастағы қос сарбаз Ерболат Тұранов пен Әсет Әшірбай сотта соңғы сөзін сөйледі. Бұл істі жарты жылдан аса уақыт сот қарауында болды. Соңғы тыңдалым кейінге шегерілді. Осы уақыт ішінде 300-ге жуық куәгер сұралып, 750-ден аса том іс пен айыптау актісі оқылды. Айыптаулар корпусында сарбаздардан бөлек тағы төрт адам бар. Оларға абайсыздық және қарумен жұмыс істеу ережелерін бұзды деген айып тағылып отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір