• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 20:07:01
Алматы
+12°

22 Қыркүйек, 2023 Барлық аймақтар

Талғардағы дау басылмай Шымкентте шу шықты

Шымкент қаласындағы ауруханалардың бірінде дәрігер мен медбикені соққыға жыққан. Оқиға видеоға түсіп, Instagram парақшасында тарап кеткен. Істің мән-жайын Шымкент Денсаулық сақтау басқармасы баяндады.

Фото: видео Instagram парақшасынан алынған

Видеода тыныштандыруға тырысқан екі дәрігерге ер адамның қарсылық көрсетіп жатқаны айқын көрінеді. Іс насырға шауып, төбелес басталғаннан кейін медицина қызметкерлері науқастарды бөлек палатаға апарып, басқа персоналды көмекке шақырған.

Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасы оқиғаның себебін анықтап, хабар берді.

"20 қыркүйек күні сағат 19:50-де Гипербариялық оксигенация орталығына 1995 жылғы азамат жедел медициналық жәрдем көлігімен жеткізілген.    Жақындарының айтуынша, пациент улы сұйықтық ішкен. Дәрігерлер науқасты тексеріп, психикалық қозу жағдайының болуына байланысты ем шараларын жүргізу мақсатында  жансақтау бөліміне кіргізген. Алайда науқас көмек көрсетуге қарсылық білдіріп, медициналық қызметкерлерге күш көрсеткен", - деп жазды.

Аурухананы шулатқан науқасты екі дәрігер әрең тыныштандырды. Оқиға орнында науқастың туысқандары да болған. Видеоны жақындарының бірі түсірген. Ақпарат полицияға жеткізілді. 

Айта кетейік, бұған дейін Талғардағы ауруханада қайтыс болған науқастың туысқандары дәрігерлерді соққыға жыққаны туралы хабар тараған. Аталған іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от Специально для Криспи ! (@kris.p.shym)

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шымкент жедел жәрдем

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір