• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 11:18:21
Алматы
+12°

21 Қыркүйек, 2023 Барлық аймақтар

2014 жылдан бері іздеуде жүрген күдікті Түркияда ұсталып, елге қайтарылды

Ірі көлемде ақша жымқырды деп күдікке ілінген азамат Түркия Республикасынан экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратураға сілтеме жасап, Qamshy.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Фото: ашық дерек көздерінен

      Түркия Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2014 жылдан бастап халықаралық іздеуде жүрген азамат «К» ұстап беру туралы сұрау салуын қанағаттандырды. Аталған азамат құрылыс компанияларының жалпы сомасы шамамен 1 млрд. теңгеге ақша қаражатын жымқырды деп күдіктелуде. Бұл қаражат әлеуметтік мақсаттағы объектілерді салуға арналған. Олардың арасында аурухана болды.

     «Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды. Жоғарыда аталған қылмыс жасағаны үшін оның мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. Бұл нәтижеге біздің мемлекеттер арасындағы қылмыстық-құқықтық саладағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейінің, сондай-ақ Бас прокуратураның Түркияның құзыретті органдарымен мақсатты жұмысының арқасында қол жеткізілді. Түрік елі тарапынан қылмыс үшін жазаның бұлтартпасытығын қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстанның күш-жігерін толық қолдағанын атап өткен жөн», – деп хабарлайды ведомства өкілдері.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Бас прокуратура

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір