18 Қыркүйек, 2023 Барлық аймақтар
«1WIN» онлайн-казиносына қатысты тергеу ісі басталды
Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті еліміздегі «1WIN» онлайн-казиносының заңсыз қызметіне қатысты тергеуді бастады, деп хабарлайды Qamshy.kz деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Фото: ашық дерек көздерінен алынған
Бұл казино тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар ТМД елдерінде де жұмыс істеді.
«Онлайн-платформа мыңдаған қандастарымыздың қатысуымен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырумен қатар, тиісті лицензиясыз букмекерлік қызметтерді де көрсетті. Қаражат интернет-эквайринг арқылы және аутентификациясыз қабылданды, бұл тіпті кәмелетке толмағандардың да құмар ойындарға қатысуына мүмкіндік берді», – деді АФМ облыстық департаментінің баспасөз қызметі.
Қазақстан заңнамасына сәйкес, елімізде онлайн-казино қызметіне тыйым салынған, ал букмекерлік қызмет тиісті лицензия болған жағдайда ғана көрсетіледі.«Қазіргі уақытта заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушы күдікті ретінде танылып, тергеу жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды», – деп түйіндеді ведомства.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір