• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 16:22:35
Алматы
+12°

Фото: ашық дерек көзінен алынған

Маңғыстау облысы Торыш алқабындағы ерекше «шарларды» бұзақылар тонап, қиратып жатыр. Бұл туралы сенатор Бекбол Орынбасар өзінің депутаттық сауалында айтты.  

Сенатор  бұл аймақтың туристік әлеуеті жақсы екенін атап өтті. Мұндай бірегей табиғи «шарлар» әлемнің санаулы елдерінде ғана бар. Олардың барлығы осы табиғи байлықтың туристік барынша пайдалануда.

«Өкінішке қарай, Торыш алқабындағы ерекше «шарлар» сияқты табиғат сыйларына немқұрайлы қарағандықтан, оларды тонаушылар талқандап, ұрлап кетеді.Кейбір дәмхана, мейрамхана иелері, ауқатты азаматтар бұл тастарды өз аулаларында әшекей ретінде пайдаланып жүр», - деп қорытындылады сенатор.

Депутат атап өткендей, қазіргі уақытта бұл тастардың мәртебесі нормативтік құжаттармен бекітілмеген.

«Сондықтан,  іскер азаматтар осы бірегей «шарларды» сата бастаған. Осыған байланысты Торыш алқабын ерекше қорғалатын табиғи аумақ деп танып, оны Маңғыстау облысының туристік бағытына қосу маңызды», - деп сенатор ұсыныс тастады.

Бұған дейін Маңғыстау облысындағы әйгілі Торыш алқабында бірегей тастар – шар тәрізді минералды түзілімдер, түйіндер ұрланатыны мәселесін қазақстандық блогер Әсет Мурзабаев көрсеткен болатын.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір