14 Қыркүйек, 2023 Әлеумет
Кемелбек Ойшыбаев «Хабарға» келді
Берік Уәли босатқан бұл орын бір күнге де бос тұрмады.
Фото: primeminister.kz
«Хабар агенттігі» АҚ басқарма төрағасы болып Кемелбек Ойшыбаев тағайындалды.
Кемелбек Ойшыбаев 1977 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін, сонымен қатар, Geneva Business School (Швейцария) МВА бағдарламасын тәмамдаған.
Еңбек жолын 2000 жылы «Интерфакс-Қазақстан» тілшісі болып бастаған.
Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда еңбек етті.
2015-2016 жылдары «ҚазМедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС-да, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде басшылық лауазымдарды атқарды.
2016-2017 жылдары — «Қазақстан» телерадиокорпорациясы» АҚ басқарма төрағасы.
2019-2020 жылдары — «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ басқарма төрағасы.
2020 жылғы маусымнан бастап 2022 жылға дейін ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір