• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 01:27:58
+12°

Балалар өгей әкесімен бірге тұратын отбасыларды тексеру туралы мәселе Бас прокуратурадағы ведомствоаралық кеңесте көтерілді. Бас прокуратура жасөспірімдер қылмысының алдын алуға бағытталған "Е-превенция" жобасын таныстырды. 

Ведомство мәліметінше, жасөспірімдер қылмысының алдын алу мәселелерінде бағдарлама жасөспірімдердің өмір сүру жағдайын, бос уақытын, білім алу мүмкіндіктерін, әлеуметтік мәселелердің болуын зерттеуге мүмкіндік береді.

“Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың алдын алу саласында ведомство қызметкерлері қолайсыз отбасыларға, көпбалалы отбасыларға және балалар өгей әкесімен бірге тұратын отбасыларға барады. Жүйе мүдделі органдар: полиция, білім беру, әлеуметтік қызметкерлер арасындағы өзара іс-қимылдың жеткілікті деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді”, – деп мәлім етті ведомство.

Бұл жоба елордада және Ақтөбе облысында сынақтан өтіп жатыр.
 
Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева зорлық-зомбылық, қатыгездік, балалардың терезеден құлауы, балалар мекемелерін лицензиялау және буллинг мәселелері бойынша 50-ден астам түзетуді қамтитын заңнамалық сипаттағы ұсыныс жасады.
 
Мемлекеттік органдар бұл ұсыныстарды жұмыс тобының отырыстарында талқылайды.
 
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қазақстан өгей әке

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір