• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 07:38:28
+35°

Алматыда әл-Фараби мен Фурманов көшелерінің қиылысында орналасқан "Сансет" мейрамханасында сағат 00:30 шамасында атыс болды.

Куәгерлердің айтуынша, бетперде таққан 4 адам ғимарат ішінде Макаров тапаншасынан оқ атқан. Бір адам қарнынан, ал екіншісі аяғынан жарақат алды. Бұл деректі Алматы қаласы Бостандық аудандық полиция басқармасы тіркеп, тергеп жатыр. 

"Қылмыс орнына қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров бастаған жедел-тергеу тобы барды. Қазіргі таңда аталған қылмысты ашуға бағытталған кешенді жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр", - деп жазды ІІМ. 

Күдіктілердің бірі қамауға алынды. Қалған қатысушылар анықталып, тиісті жауапкершілікке тартылатын болады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы атыс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір