• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 12:20:21
Алматы
+12°

Бүгін Тимур Сүлейменов Ұлттық банк төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы лауазымына Тимур Мұратұлы Сүлейменовтің кандидатурасын ұсынған. Сенат депутаттары президенттің кандидатурасын қолдап, келісім берді. Айта кетері, Конституцияға сәйкес, Ұлттық банктің төрағасын Қазақстан президенті парламент сенатының келісімімен тағайындайды.
 
Бұған дейін президент әкімшілігі басшысының орынбасары болып қызмет атқанған Тимур Сүлейменов "Мәскеуде 5 жыл тұрып қазақ тілін ұмытып қалдым, жарты жылда үйренемін" деген уәдесімен ел есінде қалды.  Алайда Ұлттық банк төрағасы бүгін журналисттер қойған сұрақтарға қазақ тілінде толыққанды жауап бере алмады. 5 жыл бұрын берген уәдесін ұмытқан Сүлейменовтің ана тілін кәсіби деңгейде меңгермегені байқалады. 
 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір