Фото: Ашық дереккөз
ЕАЭО елдері арасында орыс тілінде білім беретін мектептер саны жағынан Қазақстан Ресей мен Беларусьтан кейінгі үшінші орында тұр.
Қазақстанда 7723 мектептің 3754-і балаларға орыс тілінде білім береді. Ал Қырғызстанда – 2350 мектептің 901-і, Арменияда – 1353 мектептің 45-і орыс тілінде оқытады. Бұл туралы ЕЭК хабарлады.
Еске сала кетейік, алдағы оқу жылында Қазақстанда 3,9 млн бала мектепте білім алады. Оның ішінде 364 мыңы – бірінші сынып оқушылары. Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, биыл бірініші сынып оқушыларның 31,8 пайызы орыс мектебіне баруды таңдаған.
Сонымен қатар, 2023 жыл Қазақстанда орыс тілі жылы болып жарияланған болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір