• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 08:05:54
Алматы
+12°

Ресейдің Тверь облысында "Вагнер" басшысы Евгений Пригожинге тиесілі ұшақ құлады. "Росавиация" Embraer ұшағының бортында Евгений Пригожиннің барын растады. Cондай-ақ апаттан қаза тапқан өзге жолаушылардың есімін жарияланды.

23 тамыз күні кешкісін Ресейдің Тверь облысы маңында жеке меншік Embraer ұшағы апатқа ұшырап, он адам қаза тапты. Оның ішінде "Вагнер" жеке әскерінің басшысы Евгений Пригожин де бар.

Ұшақ Шереметьево әуежайынан Санкт-Петербургке бет алған.

Ұшақ бортында болған жолаушылар:

Дмитрий Уткин

Сергей Пропустин

Евгений Макарян

Александр Тотмин

Валерий Чекалов

Николай Матюсеев

Үш экипаж мүшесі:

Алексей Левшин

Рустам Каримов

Кристина Распопова

БАҚ-тың жазуынша, ұшақты ракетаға қарсы құрылғы атып түсірген болуы мүмкін. Қазір Ресейдің тергеу комитеті тергеп-тексеру амалдарын бастады.

Еске сала кетейік, 24 маусым күні Пригожин Мәскеуде әскери бүлік ұйымдастырмақ болды. Алайда "қантөгіс болғанын қаламайтынын" айтып, сол түні кейін шегінген еді.

 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: вагнер пригожин

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір