• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 13:12:10
Алматы
+12°

Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелерінің әрбір екінші басшысы сыбайлас жемқорлыққа жол берген. Бұл туралы бүгін Төтенше жағдайлар министрлігінің басшылығымен өткен кеңес барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасы Асхат Жұмағали мәлім етті. 

Оның айтуынша, соңғы 5 жылда азаматтық қорғау органдарында 150-ге жуық сыбайлас жемқорлық фактісі тіркелген. Жемқорлық еліміздің барлық өңірінде жасалған. Олардың басым бөлігі Алматы, Астана, Шымкент қалаларында, Қостанай және Алматы облыстарында анықталған. Әсіресе парақорлық пен жымқыру фактілері көш бастап тұр.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тексеру актісіне қол қою кезінде, оқудан өткізу, рұқсат беру және жұмысқа орналасу үшін пара беріліп отырған. Агенттік төрағасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, ТЖМ қызметкерлері пара алудан тыйылмағанын атап өтті.

"Күні кеше Жетісу облысында жергілікті ТЖД бөлім басшысының жұмысқа алған адамнан ақша алғаны анықталды. Ол бүгінгі іс-шараның өтетінін біле тұра, сонда да қылмысқа барып отыр. Бұл орайда профилактикалық тұрғыда нақты әрекет ету қажет. Қызметкерлердің мінез-құлқын түзетіп, психологиялық көзқарасын өзгерту маңызды" – деді Асхат Жұмағали.

Төтенше жағдайлар министрі жоғарыда аталған фактілерді мойындап,ведомство сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту үшін түбегейлі қадамдар жасайтынын мәлімдеді.

"Бұл – біздің қызметкерлер үшін жаға ұстатарлық жағдай. Аталған адамдар белгілі бір жетістіктерге қол жеткізген үздік қызметкерлердің қатарынан болатын. Дегенмен осы жағдайда олардың біз білмеген теріс қасиеті – екіжүзділігі әшкереленді. Айтылып өткен деректерге қатаң сынмен қараймыз. Бұдан  тиісті сабақ аламыз, қарапайым өрт сөндірушілер бізге сеніммен қарауы керек", – деді Шәріпханов.

.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір