18 Тамыз, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Биыл шілде айының қорытындысы бойынша, бір жылда кітап пен кеңсе тауарлары бірден 44,7% қымбаттады.
Оның ішінде кітаптар 15%, шет тілінің сөздіктері 15% қымбаттады. Кеңсе тауарлары 64,4% қымбаттады, оның ішінде А4 қағазы – 99,6%, мектеп дәптері – 77,2%, сурет дәптері – 44,1%, түрлі-түсті қарындаштар жиынтығы – 41,9%, шарикті қалам – 38,6% қымбаттаған. Бұл туралы informburo.kz жазды.
Өңірлер бойынша кітап пен кеңсе тауарлары ең қымбат қала – Астана. Елордада кітап пен кеңсе тауарлары 76,2% қымбаттаған. Одан кейін Ақтөбе (68,5%), Батыс Қазақстан (60,1%), Ақмола (59,1%) және Шығыс Қазақстан (58,3%) облыстарында да айтарлықтай қымбаттады.
Ресми статистика бойынша, былтыр әр отбасы газет, кітап және кеңсе тауарларына 8 мың теңге жұмсаған, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 45,6% артық.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір