• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 00:27:54
Алматы
+12°

Атом электр станциясы Алматы облысының Үлкен ауылында салынатын болды, деп хабарлады Энергетика министрлігі.
 

«Мемлекет басшысының Қазақстанда атом энергетикасын дамыту мүмкіндігін зерделеу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында реакторлық технологияларды таңдау бойынша бұрын жүргізілген зерттеулерді өзектендіру, атом электр станциясының қуаты мен құрылыс ауданын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді. Жүргізілген зерттеулердің қорытындысына сәйкес атом электр станциясы құрылысының ең қолайлы ауданы ретінде Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен ауылының аумағы таңдалды», - делінген хабарламада.

Ядролық технологияларды жеткізушілердің шорт-тізімі:

– HPR-1000 қытайлық CNNC компаниясы;

– APR-1400 реакторы бар корей KHNP компаниясы;

– ВВЭР-1200 және ВВЭР-1000 реакторлары бар Ресей Росатом компаниясы;

– EPR-1200 реакторы бар француз EDF компаниясы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір